Accessibility links

"Алға" белсенділері ҰҚК-ге шақырылды


Бүгін тіркелмеген "Алға" партиясының Қызылорда, Петропавл және Көкшетау қалаларындағы филиалдарына ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қызметкерлері партияның мүлкін тәркілеу туралы ескертпелер таратып, осы аймақтардағы белсенділерін тергеуге шақырды. Бұл туралы Азаттық радиосына партия өкілдері хабарлады.

Тіркелмеген "Алға" партиясының Қызылорда қалалық филиалының жетекшісі Нұрмахан Мұхит бүгін кеңсеге ҰҚК тергеушілері Егешбаев Данияр және Сайынбаев Әділ келіп, Жаңаөзен қаласының прокуроры Марат Тойжанның партияның мүлкін тәркілеу туралы қаулысын тапсырып кеткенін айтады. ҰҚК өкілдері Нұрмахан Мұхиттың өзі мен партияның үш белсендісіне тергеуге шақыру қағазын берген.

Партияның Петропавлдағы филиалының жетекшісі Марина Нистоль де Азаттық тілшісіне ҰҚК қызмерткерлерінен тергеуге шақыру алғанын хабарлады. Ал Көкшетау қалалық филиалының жетекшісі Марат Жанұзақовқа ҰҚК қызметкері хабарласып, оның "комитетке келуі керектігін" айтқан.
XS
SM
MD
LG