Accessibility links

Бішкек Қазақстан сатқан улы көмірді қайтармақ


Қырғызстанның Мин-Куш ауылындағы ашық көмір кеніші. Көрнекі сурет.
Қырғызстанның Мин-Куш ауылындағы ашық көмір кеніші. Көрнекі сурет.
Қырғызстанның ресми орындары Қазақстанның Құлан көмір кеніші өздеріне сатқан бірнеше жүз тонна радиоактивті көмірді қайтарып алуға келіскенін хабарлады. Кеніш көмірді тасымалдауға кеткен шығынды да өтеп бермек.

Астанаға келген "Қырғыз жылу станциясы" кәсіпорнының басшысы Аман Тентиев Қазақстан мен Қырғызстан тарабының бұл мәселеде келісімге келгенін айтады.

Қырғызстан билігі Қазақстаннан Қырғызстанға өткен жылдың қыркүйегінде раддиоактивті көмір әкелінген соң осы айда тергеу жүргізіп, оңтүстіктегі Шу облысының мектептеріне көмір бөлген жергілікті бірнеше шенеунікті қамады.

Қырғызстандық кейбір оппозициялық саясаткерлер бұл іске жауапты деп президент Алмазбек Атамбаев пен премьер-министр Өмірбек Бабановты айыптады.
XS
SM
MD
LG