Accessibility links

Қытайда азық-түлік қымбаттап, инфляция өсті


Вашингтондағы халықаралық валюта қорының штаб пәтері. Көрнекі сурет.
Вашингтондағы халықаралық валюта қорының штаб пәтері. Көрнекі сурет.
Бүгін Қытайдың ұлттық статистика бюросы қаңтарда азық-түлік бағасының 10.5 пайызға қымбаттауынан елдегі инфляция деңгейі күтпеген жерден 4.5 пайызға көтерілді деп хабарлады.

Инфляция туралы ақпарат Халықаралық валюта қорының осы аптаның басында "Егер Бейжіңнің ең үлкен сауда әріптесі - Еуропада қаржы дағдарысынан экономика кері кететін болса, Қытайдың экономикалық өсімі де төмендейді" деген мәлімдемесінен соң тарап отыр.

Қытай үкіметі 2011 жылы инфляция деңгейі 4 пайыз болады деп болжаған. Бірақ қазір бұл көрсеткіш 5.4 пайызға жетті.
XS
SM
MD
LG