Accessibility links

Саркози сайлауға түсетінін хабарлайды


Франция президенті Николя Саркози.
Франция президенті Николя Саркози.
Франция президенті Николя Саркози бүгін президенттікке екінші мерзімге сайлануға өз кандидатурасын ұсынатынын жариялауы тиіс.

Саркози бұл туралы кешке қарай француздың 1 телеарнасынан мәлімдеме жасамақ.

Соңғы жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға қарағанда, Саркозиді қолдаушылар социалистер жағынан президенттікке үміткер Франсуа Олландты қолдаушылардан 4,5 пайызға аз болып шыққан.

2007 жылы билікке келген Саркозидің беделі экономикалық саясатты сәтсіз жүргізуінен түсіп кетті. Елдегі жұмыссыздық соңғы 12 жылда болмаған деңгейге - 9,3 пайызға жетті.

Ал кеше Moody’s агенттігі Францияның несие рейтингісінің төмендеуі мүмкін екенін айтты.

Францияда президент сайлауы 22 сәуірге белгіленіп отыр.
XS
SM
MD
LG