Accessibility links

БҰҰ бас ассамблеясы Сирия қарарын қабылдады


БҰҰ бас ассамблеясы Египет ұсынған Сирия президенті Башар әл-Асадтың биліктен кетуін қарастыратын қарарды қабылдады.

Дауыс беру кезінде бұл қарарды бас ассамблеяға мүше 193 мемлекеттің 137-сі қолдаған, 12-cі қарсы болып, 17-сі қалыс қалған.

4 ақпанда БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарына вето қойған Ресей мен Қытай бұл жолы да қарарды мақұлдауға қарсы дауыс берді.

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин қарсы дауыс бергенін "Қарарда барлық тараптың бірдей қақтығысты тоқтатуын талап ету жайында және шиеленістің тек сириялықтар арасында ашық саяси келіссөздер арқылы ғана шешілуі тиіс екені айтылмайды" деп түсіндірді.

Бас ассамблея қабылдаған қарардың қауіпсіздік кеңесінің қарарындай заңдық күші жоқ.
XS
SM
MD
LG