Accessibility links

Қырғызстанда Бірігу шіркеуіне тыйым салынды


Асан қаласындағы Луна университетінде Бірігу шіркеуі ұйымдастырған үйлену салтанатына жиналған жастар. Оңтүстік Корея, 14 қазан 2009 жыл.
Асан қаласындағы Луна университетінде Бірігу шіркеуі ұйымдастырған үйлену салтанатына жиналған жастар. Оңтүстік Корея, 14 қазан 2009 жыл.
Бішкек соты Оңтүстік Кореядан шыққан Бірігу шіркеуіне Қырғызстан аумағында қызмет етуге тыйым салды.

Ақпанның басында Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті, бас прокуратура және дін істері жөніндегі басқармасы сотқа шіркеудің үстінен шағым түсірген болатын. Аталған органдар шіркеуді "толық тіркеуден өтпестен дәстүрлі емес діни көзқарасты насихаттайды, елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді" деп айыптайды.

Бірігу шіркеуі посткеңестік елдерде 1990 жылдардан бастап қызмет істеп келеді және қазір аймақта мыңдаған жақтасы бар. Посткеңестік елдер, әсіресе ресейлік діндарлар Бірігу шіркеуін секта деп атап, қатаң сынаған.

Шіркеу 1954 жылы Оңтүстік Кореяда пайда болған. Негізін салушы Сан Мен Мунды жақтастары мессия деп санайды.
XS
SM
MD
LG