Accessibility links

Санкт-Петербургте Путинге қарсы шеру өтті


Наурыз айының басында болатын президенттік сайлауға қатысқалы отырған қазіргі премьер-министр Владимир Путинге қарсы шеруге бүгін Санкт-Петербургте мыңдаған адам шықты.

Қала көшелерімен орталық алаңға қарай келе жатып, шерушілер Путинге қарсы ұрандар айтып отырған. Алаңда полиция күштері де көп болды. Дегенмен шеруге шыққандардан ешкім ұсталған жоқ.

2000-2008 жылдары Ресей президенті болған Владимир Путин 4 наурызда өтетін президент сайлауында бәсекелестерінен басым түсіп, жеңіске жетерінен үмітті.
XS
SM
MD
LG