Египет соты шетелден заңсыз қаржы алды деп айыпталған демократияшыл белсенділердің сотын кейінге қалдырды.
Египет бұған дейін 43 адам, оның ішінде 16 америкалықты үкіметтік емес ұйымдар арқылы елде тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға АҚШ-тан қаржы алды деп айыптаған еді. Айыптылардың арасында Египет, Германия, Палестина, Норвегия және Сербия азаматтары бар.
Бұл жағдай АҚШ пен Египеттің қарым-қатынасын нашарлатып жіберді. Өткен сенбіде АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Вашингтон бұл істі жіті бақылауда ұстап отырғанын айтты.
Сот отырысының кейінге ұзартылуы жағдайды дипломатиялық жолмен шешуге мүмкіндік береді.