Accessibility links

Йеменде президент ауысты


Йеменнің бұрынғы президенті Әли Абдолла Салех.
Йеменнің бұрынғы президенті Әли Абдолла Салех.
Йеменді 33 жыл басқарған президент Әли Абдулла Салех бүгін ресми түрде президенттік қызметінен кетті.

Санадағы резиденцияда болған салтанатты шарада Әли Абдулла Салех билікті бұрынғы орынбасары Абед Раббо Мансур Хадиге тапсырды. Хади ақпанның 21-інде жалғыз өзі дауысқа түскен президент сайлауында жеңіске жеткен.

Өткен жылы Йеменде Әли Абдолла Салехтың биліктен кетуін талап еткен толқулар болған. Артынша Салехқа резиденциясында қастандық жасалып, ол жарақат алған.

АҚШ пен Йемен үкіметі арасында бұдан соң билікті бейбіт тапсыру туралы келісім жасалды. Ол келісім бойынша, Салех билікті орынбасарына тапсырады, есесіне қудалауға ұшырамайды.

Йемен - президенті халықтық толқулардан соң биліктен кеткен Тунис, Египет және Ливиядан кейінгі төртінші ел.
XS
SM
MD
LG