Қытайдың "Синьхуа" агенттігі кеше Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында қақтығыстардан 12 адам қаза тапқанын хабарлады.
Қақтығыс Қашқарға жақын Яченг аймағында пышақпен қаруланған бір топ бүлікші көшедегі адамдарға шабуылдай бастаған кезде тұтанған. Агенттік бүлікшілер 10 адамды өлтіргенін, ал полицияның екі бүлікшіні атып тастағанын айтады. Полиция шабуылға қатысы барларды іздестіріп жатыр.
Ал Германияда орналасқан Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің өкілі Дилшад Рашидтің айтуынша, оған жергілікті ұйғырлар қақтығыста Қытай қауіпсіздік күштерінің жеті адамы мен үш тұрғынның қаза тапқанын баяндаған. Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, 10 адам жараланып, 84 адам ұсталған.
Дилшад Рашид қақтығыс "ұйғырлардың Қытайдың жүйелі түрдегі қысымына төзе алмауынан басталғанын" айтады.
Ұйғырлар Шыңжаң аймағында ерте ғасырлардан бері өмір сүріп келеді. Олар "қытайлар аймаққа жаппай көшіп келіп, ұйғыр мәдениеті мен дәстүріне қауіп төндіріп отыр" дейді.