Accessibility links

Әзербайжанда ірі толқу болып жатыр


Бейсенбіде Әзербайжанның солтүстік-шығысындағы 150 мың тұрғыны бар Құба қаласында жүздеген адам аудан басшысының қызметтен кетуін талап етіп, шеруге шықты.

Хабарларға қарағанда, шерушілер үкімет ғимараттарының терезелерін сындырып, жекелеген үйлерге от қойған. Демонстранттар мен полицияның арасында қақтығыс болып, бірнеше шеруші тұтқындалды.

Қалаға ел астанасы Бакуден үкімет өкілдері мен қауіпсіздік күштері келмек.

Бұл шеру - президент Ильхам Әлиев билікке келгелі бергі елдегі ең үлкен наразылық шарасы.

Наразылыққа губернатор Рауф Хабибовтың қала тұрғындары жайлы "өздерінің жерін, отбасы мен отанын 30 манатқа (40 АҚШ доллары) сатып жіберуге дайын" деп мәлімдеме жасағаны себеп болған.
XS
SM
MD
LG