Accessibility links

Ауғанстан мен АҚШ түрмеге қатысты келісім жасасты


Хельманд провинциясындағы түрмеде отырған ауған. 2011 жыл.
Хельманд провинциясындағы түрмеде отырған ауған. 2011 жыл.
Ауғанстан мен Батыстың ресми өкілдері АҚШ-тың қамау орталықтарын ауған билігіне тапсыру туралы келісімге келді. Ауған сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұл түсіністік меморандумына жұма күні кешкісін қол қойылады.

АҚШ-тың Ауғанстандағы қамау мекемелерін жергілікті билікке тапсыру АҚШ пен ауған үкіметі арасындағы даулы мәселе болып келген.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ түрмелерінде отырған барлық тұтқын тез арада ауған билігінің бақылауына өтуі керек деп бірнеше рет қайталады. АҚШ жуықта "тұтқындарды тапсыру ісі алты айдың ішінде бітеді" деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG