Сұрастырсам, тәрбиешілері бес жастағы балаларға ел президенті туралы арнайы дәріс жүргізіпті.
Ертесі шет жағасын өз көзіммен көрдім. Оңын-солын танымаған балақайлар бүй деп шапқылап жүр: «Нұрсұлтан барда біз бақыттымыз!!!». Қалжыңға сүйеп, тәрбиешісіне сұрақ қойдым: «Н.Назарбаев алда-жалда арғы жаққа кетіп қалса, мына балалардың бәрі бақытсыз болып қала ма?». Жылан көргендей шошыды. Әңгімеміз жараспады. «Балабақшаға баламды саяси дәріс алу үшін бергем жоқ» деп мен кеттім. «Патриотизмды бесіктен сіңдіру керек» деп ол кергіді.
Құлақ-шекем сарт ете қалды. Көзімнен де от шашу шыққандай. Есімнен танып қалыппын. Еденде жатыр екем. Сыныптастарымның бәрі алара қарап отыр. Сәуір айы еді ол кез. Жетінші класста оқимыз. Мұғалима Ленин туралы буклет жасауға тапсырма бергенді. Ойын баласы ақпақұлақ емеспіз бе, есімізден шығып кетіпті.
Ертесі таяқ жедік. Он шақты бала. Ол кезде мұғалімдердің балаға қол жұмсауы закон ғой! «Қараңғылықтан құтқарған Ленинді қадірлемесең, кімді қадірлейсің?» деп іштен ұрды. «Күн көсем болмаса, әке-шешең осылай тірі жүрер ме еді?» деп құлақ-шекеден соқты. «Опасыз, сатқындар!» деп желкеден түйреді. Ең сорақысы, күллі мектеп оқушылары алдында сүмірейтіп қойып, жиналысқа салды. Түрлі сөздер айтылды. Қыздарға қараудан, оларға хат жазудан қалдық. Бірақ, содан бастап Күн көсемді қатты жақсы көріп кеттік. Айтатын әніміз «Ленин барда біз бақыттымыз!»
Одан бері қанша жыл, алмағайып заман өтті. Кеше балам үйге ренжіп келді. Тәрбиешісі бүлдірген секілді. Көсемге қатысты сөзден бәле шығыпты. Саяси дәрістен баламды шеттетіп тастапты. Ал, ол достарынан ажырап, жалғыз қалғанына өкпелі. Саясаттың не екенін білмейтін балаға енді қалай түсіндіресің? Ленин барда балам, мен де сен секілді бақытты едім деп...