Accessibility links

Қытайдың үстінен ДСҰ-ға шағым түсті


АҚШ, Еуропа Одағы және Жапония Қытайды "жоғары технологиялар өндірісіне қажетті сирек металдар экспорттауға шектеу қойды" деп айыптап, Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) жүгінді.

Қару-жарақ, гибридті автомобильдер, ұялы телефон және соңғы үлгідегі теледидар, линзалар жасауда қолданылатын металдардың әлемдік қорының 17 пайызы - Қытайда.

Соңғы үш жылда Қытай ол металдарды экспорттау көлемін шұғыл азайтты. АҚШ жоғары технологиялар индустриясының өкілдері "Қытайдың бұл саясаты ДСҰ шарттарын бұзады" дейді. Еуроодақтың сауда ісі жөніндегі комиссары Карел де Гухтенің айтуынша, экспорт көлемін шектеу қытайлық фирмаларға артықшылықтар береді. Сондықтан шектеу алынып тастауы керек дейді ол.

Ал Қытай сыртқы істер министрлігі бұған байланысты берген жауабында "Шектеу үкіметтің қоршаған ортаға келетін зиянды азайтып, сирек металдар қорын барынша үнемдеп пайдалану мақсатында енгізілді" дейді.
XS
SM
MD
LG