Accessibility links

Қытайда партия басшысы отставкаға кетті


Қытай коммунистік партиясының аймақтық ірі басшыларының бірі Бо Силай "көмекшісі АҚШ-қа қашпақ болғаны үшін" отставкаға кетті.

Мемлекеттік "Синьхуа" агенттігінің хабарлауынша, Бо Силай - партияның Чунцин қаласындағы филиалының төрағасы. Коррупцияға қарсы қызметімен жақсы танымал болған Бо Силай осы жылы партияның тұрақты саяси кеңесіне мүшелікке басты үміткер болатын.

Чунцин қаласында коорупциямен күреске басшылық жасаған Боның көмекшісі әрі полиция басшысы Ван Лицзюнь өткен айда АҚШ консулдығына барып, саяси баспана сұраған.

Агенттік бұдан өзге мәлімет бермейді.
XS
SM
MD
LG