Accessibility links

Тулузадағы қылмысқа күдіктінің аты мәлім болды


Күдіктіні ұстау операциясы. Тулуза, Франция, 21 наурыз 2012 жыл.
Күдіктіні ұстау операциясы. Тулуза, Франция, 21 наурыз 2012 жыл.
Францияның Тулуза қаласында жеті адамның өліміне күдікті азаматты ұстау операциясы әлі жүріп жатыр.

Үйге бекініп алған күдіктінің аты-жөні - Мохаммед Мера, жасы 24-те, Францияның алжир текті азаматы.

Елдің ішкі істер министрі Клод Геанның айтуынша, күдікті билік өкілдерімен келіссөз жасасып жатыр, таяу арада қаруын тастауы мүмкін.

Мера өзін «Әл-Қаиданың» сарбазымын деп мәлімдеп, палестиналық балалардың кегін алып жүргенін, француз әскерінің мұсылман елдеріндегі операцияларына қарсылық білдіргенін айтқан.

Билік орындарының айтуынша, күдікті бұрын Ауғанстандағы Қандағар қаласында - талибтердің бұрынғы орталықтарының бірінде болған. Қазір оның ағасы тұтқындалды.

Мера жеті адамның өліміне орай күдікке ілінді. 11 наурызда Тулузада десант сарбазы өлтірілген еді. 15 наурызда тағы екі әскери қызметкер көз жұмып, Монтобан қаласында бір адам жараланды.

Дүйсенбі күні мотоцикл мінген қарулы адам Тулузадағы еврей мектебіне келіп, үш баланы және раввинді атып кетті. Оларды бүгін Израильде жерлейді.
XS
SM
MD
LG