Accessibility links

Аннан мен Медведев Сирияны талқылайды


БҰҰ мен Араб лигасының уәкілі Кофи Аннан 25 наурыз Мәскеуде Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездеседі. Аннан өзінің атысты тоқтату туралы ұсынысына байланысты Ресейден қолдау күтеді.

Келіссөз басталмай тұрып Кремль "оппозицияны сырттан жарақтандыру мен саяси қолдау тыйылмайынша" қантөгісті тоқтату қиынға соғады деп мәлімдеген. Мәскеу Батыс елдерін қақтығысты реттеу кезінде бір жаққа бұра тартты деп айыптайды. Ресейдің позициясы бойынша, көтерілісшілерді сырттан қолдау Сириядағы жанжалды өршітіп отыр. Сирия - Ресейдің Таяу Шығыстағы әскери флотилиясы үшін негізгі базаға айналған ел.

Соңғы мәліметтер бойынша, Сирия үкіметі Хомс қаласын қайтадан атқылап, 24 адамның қаза болғаны хабарланды. Еуропа Одағы Сирияның екі мемлекеттік мұнай компаниясына санкция қолданды. Бір күн бұрын Башар Асадтың әйелінің ЕО-на келуіне де тыйым салынған еді.
XS
SM
MD
LG