Accessibility links

Тулузада кісі атқанның ағасы сотқа шақырылды


Францияның Тулуза қаласының маңында жеті адамды атып өлтірген Мохаммед Мераның ағасы 25 наурыз күні Парижде сот алдында жауап беруге шақырылды. Абделкадер Мера інісі ұйымдастырған үш шабуылға қатысты тергеуге алынды.

Оның інісі Мохаммед Мера 22 наурыз күні полициямен атыс кезінде оққа ұшқан еді. “Le Parisien” атты жергілікті газеттің жазуынша, қаза тапқан жігіттің ағасына террористік әрекетке баланатын қылмысқа қатыстылығы бойынша айып тағылмақ. Онымен бірге өткен сәрсенбі қамауға алынған әйелі де Тулузадан Парижге әкелінгенімен 24 наурыз кешкісін ешқандай айып тағылмастан босатылған.
XS
SM
MD
LG