АҚШ Пәкістанда орналасқан "Лашкар-и-Таиба" қарулы ұйымының негізін салушы Хафиз Мохаммед Саидты ұстауға көмектесетін ақпарат жеткізген адамға 10 миллион АҚШ долларын беретінін мәлім етті.
Хабарларға қарағанда, Хафиз Мохаммед қазір "Лашкар-и-Таибаның" жетекші қанатына айналған "Жамаат-уд-Дава" тобын басқарады. Мохаммад Саид 2008 жылы Үндістанның Мумбай қаласында 165 адам қаза тапқан жарылыстарды ұйымдастырды деген күдік бар.
АҚШ бұған қоса "Лашкар-и-Таибаның" жетекшісінің орынбасары Хафиз Абдул Рахман Маккидің басына 2 миллион АҚШ долларын тікті.
"Лашкар-и-Таиба" 1980 жылдары Пәкістанның арнаулы қызметінің көмегімен даулы Кашмир аймағына бәсекелес Үндістанға қысым жасау үшін құрылған болатын. Бірақ Пәкістан 2002 жылы АҚШ-тың қысымымен ұйым қызметіне тыйым салды.