Accessibility links

Дамаск: Әскер шығарылып жатыр


Сирия үкіметінің хабарлауынша, БҰҰ мен Араб лигасы ұсынған қақтығысты реттеу жобасы бойынша 10 сәуірге дейін атысты тоқтату үшін тыныш жатқан аудандардан үкімет әскерлері шығарыла бастады.

Бірақ оппозиция өкілдері "Сирия әскері көтерілісшілер бекеттерін 10 сәуірге дейін әлсіретіп алу үшін жиі-жиі бомбалап жатыр" дейді.

Мұндай бір-біріне қарама-қайшы ақпараттарды анықтау қиын болып тұр. Себебі халықаралық журналистерге Сирияда жұмыс істеуге тыйым салынған.

Бейсенбіде Дамаскіге жобаның бір тармағы бойынша бейбітшілік орнату процесіне мониториг жасайтын БҰҰ-ның арнайы тобы келуі тиіс. Егер бұл жоспарды БҰҰ қауіпсіздік кеңесі мақұлдаса, Сирияға 250 бақылаушы келеді.
XS
SM
MD
LG