Accessibility links

Мали президенті отставкаға кетті


Мали президенті Амаду Тумани Туре.
Мали президенті Амаду Тумани Туре.
Мали президенті Амаду Тумани Туре оставкаға кетті.

Осылайша, президентті төңкеріс нәтижесінде биліктен кетірген әскерилерде билікті ұлттық ассамблея төрағасы Дионкунде Траореге беріп, елде азаматтық басқаруды қалпына келтіру мүмкіндігі пайда болды.

Жаңа үкіметтің Батыс Африка елдері экономикалық ынтымақтастығы ұйымының (ECOWAS) өкілдерімен келіссөздеріндегі арағайын - Малидің сыртқы істер министрі Буркина-Фасо Джибриль Амаду Туреден отставкаға кеткені туралы хабар алған.

ECOWAS-қа мүше елдер Малидегі әскери көтеріліске түрткі болған туарегтердің көтерілісін күшпен басу қажет пе, әлде сепаратистермен келіссөздер жүргізу қажет пе деген мәселеде ортақ шешімге келе алмай отыр.

Сенбіде Малиде әскерилер билікті ұлттық ассамблея басшысына тапсыратынын мәлімдеген болатын. Оны әлемнің жетекші елдері мен халықаралық ұйымдар құптаған.
XS
SM
MD
LG