Accessibility links

"Әлем аруына" трансгендер де қатыса алады


"Әлем аруы" байқауына қатысудан шеттетілген канадалық трансгендер әйел Дженна Таласкова.
"Әлем аруы" байқауына қатысудан шеттетілген канадалық трансгендер әйел Дженна Таласкова.
"Әлем аруы" байқауына 2013 жылдан бастап жынысын өзгерткен трансгендер әйелдер де қатыса алатын болды. Бұл жайында байқауды ұйымдастыру комитеті сейсенбіде байқаудың ұстанымы өзгеретінін айтып, мәлімдеме жасады.

Бұл қадам комитеттің биылғы "Әлем аруы" байқауына жынысын әйелге өзгерткен 23 жастағы канадалық үміткер Дженна Таласкованы қатыстырмай қоюына қарсылық танытылған соң жасалып отыр. Таласкова төрт жыл бұрын операция жасатып, жынысын өзгерткен болатын (оған дейін еркек болған).

Таласкованы "Әлем аруы" байқауының негізін салушылардың бірі - АҚШ магнаты Дональд Трамп Канаданың өзінде өткен байқауға қатыстырған. Оның канадалық төлқұжаты, көлік жүргізу куәлігі мен әйел екенін дәлелдейтін құжаттары бар.
XS
SM
MD
LG