Солтүстік Кореяның мемлекеттік телеарнасы елдің жаңа саяси жетекшісі Ким Чен Ынның алғаш рет халық алдына шығып сөйлегені туралы хабар таратты. Мемлекеттің негізін қалаушы Ким Ир Сеннің туғанына 100 жыл толуын мерекелеу шарасы кезінде көп алдына шыққан Ким Чен Ын: "Ким Сен Ир мен Ким Ир Сен жолдастарға зор құрмет көрсетіп, мәртебе тұтам" деп мәлімдеді.
Ким Чен Ын әкесі мен атасын "революциялық әскери күштердің негізін қалаушылар" ретінде де мақтап өтті. Ким Ир Сен атындағы алаңда өткен мерекелік шерудің соңына қарай сөйлеген Ким Чен Ынның үндеуі 20 минутқа созылды.