«ЖЫН ШӨЛМЕККЕ ҚАЙТА ҚАМАЛДЫ»
Google («Гугл») интернетте ақпарат іздеу серверін құрушылардың бірі Сергей Бриннің айтуынша, 30 жыл бұрын интернеттің жасалуына серпін берген ең басты фактор – ашықтық пен ақпаратқа оңай қол жеткізу еді. Қазір осы принциптерге қатер төніп тұр. Ол Guardian («Гардиан») тілшісіне: «Өте қуатты күштер әлем бойынша ашық интернет жолдарын жауып жатыр. Мен соңғы кезде осы мәселені қатты уайымдап жүрмін. Бұл - өте қорқынышты жайт» деген.
Сергей Бриннің мәлімдеуінше, интернет бостандығына қауіп төндіретін негізгі факторлар -
Брин Guardian-ның тілшісіне: «Осыдан бес жыл бұрын Қытай және тағы басқа елдер интернетті қатаң бақылауға алады десе сенбес едім. Шөлмектен шыққан жынды енді ешкім кері қарай ішіне кіргізе алмас деп ойлағам. Қателесіппін. Қазір жынды шөлмекке қайта қамап қойды» деген.
АҚПАРАТ АЛМАСУҒА ҚҰЛЫҚСЫЗ ЖЕЛІ
Бриннің ойынша, интернет қолдануды қатаң түрде бақылайтын елдер - Қытай, Сауд Аравиясы және Иран. Алайда жекеменшік платформаларындағы клиенттерінің барлық іс-әрекетін бақылап отыратын Facebook пен Apple сияқты желілер де интернет әлеміндегі инновацияны тежеп, балканизация (бөлшектенуді білдіретін кең тараған термин – ред.) процесіне жол ашады.
Басылым Сергей Бриннің Facebook-ты біржақты сынағанына қарамастан соңғы жылдары бұл желіні тұтынушылар саны қатты өсті дейді. Басылымның келтірген дерегі бойынша қазір әлем бойынша 800 миллион адам Facebook-ты қолданады.
Бриннің ойынша, Google-дің басқа браузерлерден артықшылығы - шектеулер аз. Браузерде талап, шарттар көбейген сайын шектеу де ұлғайып, даму тежеле береді.
Оның айтуынша, Facebook тұтынушыларының Google сияқты басқа желілердегі ақпаратын тез сорып алып отырса да, өзіндегі мәліметті басқа сайттармен бөліспейді.
ИНТЕРНЕТТІ ШЕКТЕУДІҢ ЖАҢА АМАЛДАРЫ
Guardian-ның жазуынша, әлемдегі ең ірі интернет кеңістігі орнаған Қытай үкіметі блогосферасын бақылап отыру үшін қолданушылардың никпен (лақап атпен) тіркелуіне тыйым салды. Ресей де интернет арқылы қоғамда анти-путиндік толқын туғызып жатыр деп айыпталған сайттарды жүгендемек. Иран үкіметінің алдағы жаздан бастап, «ұлттық интернет» ашуды жоспарлап жатқаны туралы хабар тарады.
Сирияның белсенділерін байланыспен қамтамасыз етіп келген, 14 миллион қолданушысы бар Avaaz («Аваз») сайтының құрылтайшысы Рикен Пател де Сергей Бриннің пікірін қолдаған. Ол: «Біз қазір веб-сайттарға жаппай шабуылдар жасалып жатқанын көріп отырмыз. Үкіметтік органдар әлем бойынша веб-сайттарды бұғаулап ұстау үшін арнайы топ құрып, әрекет етіп жатыр. Мұндай кедергілер Қытай мен Солтүстік Кореяда ғана емес, тіпті АҚШ пен Италияда, тағы басқа елдерде қайталанып жатыр» деген.
«ОНЛАЙН ШЕКАРАЛАР»
Guardian Қытайдың диссидент суретшісі Ай Вэйвэйдің де пікірін келтіріпті. Суретшінің ойынша, Қытай үкіметінің интернетті бақыламақ әрекеті түбі сәтсіз аяқталады. «Біраз уақыт өткен соң үкімет өзі де интернетті мүлде жауып тастамаса, оны қадағалап ұстаудың мүмкін емес екенін түсінуі тиіс» деген суретші.
Ай Вэйвэйдің пікірінше, интернет әлеміне қатысты басқа да жанжал түрлері пайда болған. Таяуда АҚШ үкіметі қытайлық хакерлер Американың әскери және корпоративті нысандарына шабуыл жасады деп айыптаған. Бейжің оны жоққа шығарған. Суретшінің болжауынша, болашақта барлық мемлекеттер үшін «онлайн территориясын» қору қиынға соқпақшы.
Суретші: «Егер интернетті кәдімгі әлеммен салыстырсаңыз, кейбір елдердің арасында да ешқандай дуал құсаған шекара жоқ. Егер Канада АҚШ-қа танкілерін кіргізгісі келсе, оны ешкім де тоқтата алмайды. Интернет те солай. Интернетті бақылауға алу - өнімсіз жұмыс» деген.

- мемлекеттік органдардың азаматтарының бір-бірімен қарым-қатынасы мен ақпарат алмасуын қадағалауды күшейткені,
- ойын-сауық өндірісінің «пираттық сайттарға» соққы беру үшін түрлі шектеу жасауы,
- және Facebook пен Apple сияқты компаниялардың тұтынушыларын тек өз платформасына тән бағдарламаларға тәуелді етуі.