Accessibility links

ЕҚЫҰ Ресейде қоғамдық телеарна құруды қолдайды


ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі мәселелері бойынша өкілі Дуня Миятович.
ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі мәселелері бойынша өкілі Дуня Миятович.
ЕҚЫҰ Ресей үкіметінің қоғамдық телеарна құру бастамасын қолдайтынын мәлімдеді.

Ұйымның баспасөз еркіндігі мәселелері бойынша өкілі Дуня Миятовичтің айтуынша, қоғамдық телеарна көрермендерге шынайы, еркін және плюралистік ақпарат ұсынып, Ресейде демократияны орнықтыруда маңызды роль атқарады.

Сейсенбі күні Ресей президенті Дмитрий Медведев қоғамдық телеарна құру туралы жарлық шығарған болатын. Жарлық бойынша, телеарна 2013 жылдың 1 қаңтарынан хабар тарата бастамақ.

Оппозициялық партиялар Ресейде қоғамдық телеарна құру бастамасын бұрыннан айтып келеді.
XS
SM
MD
LG