Тәжікстанның солтүстігіндегі Худжанд қаласында "Өзбекстан ислам озғалысы" ұйымының мүшелері делінген 34 адам сотталды.
Сот олардың барлығына терроризмге қатысты айып тағып, 8 жылдан 28 жылға дейін бас бостандықтарынан айырды. Тағылған айыптардың арасында "кісі өлтіру", "билікті күштеп құлату" және "террористік ұйымға мүше болу" деген баптар бар.
"Өзбекстан ислам қозғалысы" Орталық Азияда ислам халифатын құруды көздейді. Ұйым алғаш құрылғанда осы аймақта әрекет еткен. Бірақ соңғы жылдары ол көршілес Ауғанстанға қарай ойысты. 2010 жылы Тәжікстанда ұйым жауынгерлері жарылыстар жасап, соның кесірінен тәжік әскерилері қаза тапқан болатын.