Египеттік реформашыл саясаткер Мохаммед Әл-Барадеи елдегі демократиялық қозғалысты құтқарып қалу үшін жаңа саяси партия құрғанын мәлімдеді.
28 сәуір күні жасалған бұл мәлімдеме Әл-Барадеидің қоғамдық-саяси күреске қайтып оралғанын көрсетті. Биыл қаңтарда ол президенттік сайлауға қатыспайтынын айтқан еді. Оның бұл сөзі либералдар мен солшылдар үшін күтпеген соққы болған.
Әл-Барадеидің саяси күреске қайтып оралуы парламент сайлауында аз орын алып қалған либералдардың қайта күшеюіне себеп болуы мүмкін. Хосни Мүбәрәк биліктен айрылған соң өткен парламенттік сайлауда Египеттің исламшыл күштері 70 пайыз орын иеленген еді.
Елдегі президенттік сайлаудың алғашқы айналымы 23-24 мамыр күндері өтеді.