Accessibility links

Мексикада үш журналисті өлтіріп кетті


Есірткі картельдеріне қарсы күресетін мексикалық полицей әйелдер. 15 маусым 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Есірткі картельдеріне қарсы күресетін мексикалық полицей әйелдер. 15 маусым 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Мексиканың Веракрус штатында бейсенбіде үш фотожурналистің өлі денесі табылды. Оларды қинап өлтіргені байқалады.

Хабарларға қарағанда, ол үш тілші штаттағы есірткі картельдеріне қатысты қылмыстар туралы хабар таратып жүрген аз ғана журналистердің қатарында болған.

Осыдан бір апта бұрын Веракрус штатында Proceso журналының есірткі картельдерімен күрес тақырыбында мақала жазып жүрген журналисі Регина Мартинес кісі қолынан қаза тапқан еді. Осымен бұл штатта соңғы бір жылда жеті журналист кісі қолынан мерт болды.

Мексика соңғы жылдары әлемдегі журналистер жұмыс істеуге ең қауіпті елдердің біріне айналды. Бұған елде есірткі картельдерімен байланысты шиеленіс басты себеп болып отыр.
XS
SM
MD
LG