Accessibility links

Еуропа Одағы делегациясы Тәжікстанға барды


Бельгия сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс.
Бельгия сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс.
Душанбеде Бельгия сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс бастап барған Еуропа Одағы делегациясы Тәжікстан билігімен кездесті.

Екі тарап аймақтық интеграция мен қауіпсіздік мәселесін, Ауғанстандағы жағдайды, Тәжікстанның Өзбекстанмен қарым-қатынасын талқылаған.

Биыл сәуірде Өзбекстан Тәжікстанға газ жібермей қойып, біраз тәжік заводтары мен фабрикалары қиындық көрген еді.

Душанбе мен Ташкент арасында энергетика, су қоры мен транзиттік жолдарға қатысты келіспейтін мәселелер көп.

Дидье Рейндерстың айтуынша, тәжік президенті Эмомали Рахмонмен әңгіме барысында бұл елде 2013 жылы қарашада өтетін президент сайлауына халықаралық бақылаушылар жіберу жайы да сөз болған.
XS
SM
MD
LG