Accessibility links

Иран сайлауы: Әзірше президент жақтастары жеңіліп жатыр


Ирандағы парламент сайлауына қатысқан сайлаушылар. Тегеран, 4 мамыр 2012 жыл.
Ирандағы парламент сайлауына қатысқан сайлаушылар. Тегеран, 4 мамыр 2012 жыл.
Ирандағы парламент сайлауы екінші кезеңінің алғашқы нәтижелеріне қарағанда, президент Махмуд Ахмадинежадтің қарсыластары әзірше 65 орынның 20-сына ие болған. Президенттің жақтастары - 8 депутаттық орын, тәуелсіз кандидаттар 11 орын алды.

Сайлаудың наурызда өткен бірінші кезеңінде де Ахмадинежадтың қарсыластары жеңген еді. Олар парламенттегі 290 орынның көбіне ие болуы мүмкін.

Иран парламенті - Ислам кеңесінің маңызды саяси (мысалы, ядролық бағдарламаға қатысты) мәселелерді шешетін ықпалы жоқ. Бірақ елде 2013 жылы өтетін президент сайлауы кампаниясына әсер ете алады.
XS
SM
MD
LG