Нью-Йоркте орналасқан Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect journalists) халықаралық қауымдастықты азаматтарды ақпарат алу құқықтарынан айырғаны және журналистерді қудалап жатқаны үшін Орталық Азия елдерінің режимдерін жауапқа тартуға шақырды.
Мұндай мәлімдемені комитет өкілі Мұзаффар Сүлейманов АҚШ-тың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық комитетінің (АҚШ-тың Хельсинки комиссиясы) отырысында айтты.
Сүлейманов мысал ретінде Өзбекстанның оппозициялық "Эрк" газетінің журналистері, 1999 жылдан бері түрмеде отырған Мұхаммед Бекжанов пен Юсуф Рузимурадовты атап өтті. Ол бұған қоса қырғыз журналисі Азимжон Асқаров туралы да айтты. Асқаров құқық қорғау органдарындағы жоғары шенді шенеуніктерді әшкере еткен бірнеше мақала жариялағаннан соң, 2010 жылы өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген.