Accessibility links

Әлем сириялық Хула қаласындағы қырғынды айыптады


Сириядағы Хан Шейхун қаласындағы атыстан көрініс. 15 мамыр 2012 жыл. Көрнекі сурет
Сириядағы Хан Шейхун қаласындағы атыстан көрініс. 15 мамыр 2012 жыл. Көрнекі сурет
Халықаралық талап-тілекке қарамастан Сирия әскері 27 мамыр күні көтерілісші қалаларды атқылауды жалғастырып жатыр. Өткен жұма және сенбі күндері Хула қаласын атқылау кезінде 92 адамның қаза тапқаны анықталды. Олардың 32-сі бала болып шықты.

Жексенбі күні шекара маңында жалғасқан ұрыстарға байланысты көршілес Ирактың қауіпсіздік күштері сақадай-сай жағдайда отыр. Араб әлемі мен Батыс елдері Хула қаласындағы адам өлімін "қырғын" деп атады. БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун мен БҰҰ-Араб лигасының арнайы уәкілі Кофи Аннан сириялық әскер ауыр артиллериядан атқылауды доғарып, қырғынды тоқтатуы тиіс деп мәлімдеді.

Өздерін "Сирияның азат армиясы" деп атайтын көтерілісшілер 27 мамыр күні егер халықаралық қауымдастық Сирия үкіметіне қатысты нақты әрекетке көшпесе БҰҰ-ның жоспарынан түк шықпауы мүмкін деп мәлімдеді. Араб лигасына мүше елдердің сыртқы істер министрлері Хуладағы қырғынға байланысты жексенбі күні шұғыл кеңеске шақырылды.
XS
SM
MD
LG