Accessibility links

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарына айып тағылды


Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Амангелді Айтқұлов.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Амангелді Айтқұлов.
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Амангелді Айтқұловқа қатысты тергеу шаралары аяқталды деп хабарлады экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай 28 мамырда Астанада өткен брифингте.

Агенттік өкілі тергеу кезінде Айтқұловтың 2008 жылы "Өзенмұнайгаз" компаниясы директорының орынбасары болып тұрған кезінде "Өзенқұрылыс" кәсіпорнының директорынан пара алғаны" анықталғанын айтты.

Амангелді Айтқұлов ақпан айында "ірі көлемде пара алды және қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыптармен тұтқындалған болатын.
XS
SM
MD
LG