Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Баланың арманы
31 мамыр 2012 жыл, 13:43
Азаттық тілшілері бірнеше елдің кішкентай тұрғындарынан "Не арманың бар?" деп сұрады.
1
Бес жасар Хава Садулаева Шешенстан астанасы Грозныйда тұрады. Ол әртіс болғысы келеді, үй-ішімен үлкен үйде тұруды армандайды.
2
Душанбе көшелерінің бірінде сағыз шайнап, шоколад жеп тұрған жерінде жолығып қалған алты жасар Жасмина жалданып жұмыс істеу үшін Ресейге кеткен әкесі тезірек үйге оралса деп тілейді. Өскенде дәрігер болғысы келеді.
3
Киевтік тоғыз жасар Богдан Солоныня озат оқушы болғысы келеді. Арманы - шешесіне ас әзірлеуге көмектесу үшін жеке ресторан иелену.
4
11 жастағы Нелеа Лунгу әжесінің қолында Молдованың Роскани ауылында тұрады. Анасы Мәскеуде жұмыс істеп жүр. Нелеа мектепке барғысы келеді. Бірақ кемтарлығына байланысты әзірше ешбір мектеп қабылдамайтын көрінеді.
5
Пәкістанның Суат аймағында тұратын 13 жастағы Бахт Алам өскенде механик болуды армандайды. Велосипед сатып алғысы келеді.
6
Пешаварлық 10 жастағы Захир Шахтың қиялы - инженер болу. Келесі жылы жақсырақ мектепке кірсем дейді.
7
10 жастағы минскілік Женя: "Жиһаз дизайнері болсам, Лондонда тұрсам. Сурет салғанды жақсы көрем. Бірақ дәл қазір Гомельдегі әжемді сағынып жүрмін. Бір барып қайтсам" дейді.
8
Мәскеу түбінде тұратын бес жасар Маша өскенде кім болғысы келетінін сұрағанда тоқтамай тақылдай жөнелді: "Өскенде әдемі болғым келеді. Барлық балалар мені жақсы көрсе деймін. Мамамдікі сияқты көп опа-далабым болса. Кішкентай інім болса".
9
Прагада тұратын сыған балалары: 15 жастағы Эмильдің көлік механигі болғысы келеді және Skoda Octavia машинасын сатып алуды армандайды; 8 жастағы Рудольф әскери қолбасшы болсам дейді; ал 11 жастағы Марсела Гинованың ойы - дәрігер болу.
10
14 жастағы Ниаматулла мен 12 жастағы Атаулла Нангархар уәлаятында көкнәр өсіріп жүр. Екеуі де мектепте орын жетпей шығып қалған. Өскенде білім алып, дәрігер болғылары келеді.
11
14 жастағы Шакила Кабул мешіттерінің бірінде Құран оқып отыр. Болашақта мұғалім болғысы келеді.
12
11 жастағы еревандық Сюзанна Сафарян шахматшы-математик болуды армандайды. Тағы бір арманы - велосипед.
13
Тбилисиде тұратын Рати өскенде арнайы жасақ сарбазы болғысы келеді. Ал дәл қазіргі тілегі - бір скутерге қол жеткізу.
14
Ирактағы Басра қаласында тұратын 13 жастағы Әли Сахир Хабиб инженер болып, адамдарға көмектесу үшін су қоймаларын салғысы келеді.
15
Төрт жасар Гулу Меммедова Әзірбайжанның Шамахи ауданында тұрады. Бөпелерді қарағанды ұнатам дейді. Мұғалім болғысы келеді. Келесі жылы отбасындағы адамдардың басы түгел қосылса деп армандайды.
Баланың арманы
XS
SM
MD
LG