Ресей президенті Владимир Путин "2009 жылы Ресеймен арадағы газ келісіміне қол қойғанда қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен сотталған украиналық экс-премьер Юлия Тимошенкоға байланысты пікірін айтты.
Парижде Франция президенті Франсуа Олландпен кездескен соң баспасөз мәслихатын өткізген Владимир Путиннің сөзіне қарағанда, "Мәскеу мен Киев қол қойған шарт Украина заңына қарсы болмаған".
Путин Тимошенкоға медициналық көмек көрсету үшін Ресейдің жария түрде ұсыныс айтқанын да еске салды.
Путин мен Олланд футболдан Украинада өтетін Еуропа чемпионатына Тимошенконың ісіне байланысты бойкот жариялауға қарсы шықты.