Алматы облысының Арқанкерген шекара бекетінде жоғалған соңғы шекарашы табылды деп хабарлады сейсенбіде Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовке сілтеме жасаған "Тенгриньюс" агенттігі.
"Шекарашы кеше (дүйсенбіде - ред.) қыстауда қарапайым киіммен жүрген жерінде табылды. Өзімен бірге командирінің қаруы да бар. Сол күні ол кезекші болған. Тергеуге алынып, жауап берді. Шекарашының берген жауаптары мен психологиялық жағдайы тексеріледі. Біз қаза болған шекарашылардың нақты санын әлі біле алмай отырмыз. Табылған 14 мәйітке қатысты да сұрақтар бар. Сараптама жасалады" деді министр үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.
Агенттік "Арқанкерген" бекетінде қызмет еткен шекарашылардың ата-аналары ДНК құрамын тексеру үшін қан тапсырып жатқанын да хабарлайды. Ол туралы бекетте қызмет еткен павлодар облысынан барған шекарашы, 1993 жылы туған Денис Рейдің анасы Татьяна Рей мәлім еткен.
ҰҚК 30 мамыр күні "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының Сарыбөктер заставасында 12 шекарашының, бір қорықшының мәйіті табылғанын және заставадағы "Арқанкерген" посты өртенгенін хабарлаған еді. 1 маусым күні 14 шекарашы мен бір қорықшы өлгені анықталған.