9 маусым күні Тәжікстанның Ходжент ауданында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше алты елдің бесеуі бірлескен әскери жаттығу бастады. Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстан 2 мыңнан астам сарбаз жіберген. Әскери дайындық "Бейбітшілік миссиясы 2012" деп аталады.
Ресейдің қорғаныс министрі шараға бес елдің біріккен штаб басшылары қатысып жатыр деп хабарлады. Өзбекстан ғана әскери жаттығудан бас тартқан.
Жаттығу үш бөлімнен тұрады - стратегиялық кеңесу, ұрысқа дайындалу және әскери операцияға көшу. Дайындық 14 маусымға дейін жалғасады. Бұл - 1996 жылы ШЫҰ құрылғалы бері өтіп жатқан 9-бірлескен жаттығу. Иран, Пәкістан, Моңғолия мен Үндістан бақылаушы ретінде тіркелген. Беларусь пен Шри-Ланка ШЫҰ-ның әріптестері деп сипатталады.