Ауғанстанда сейсенбіде жанкештілер екі жарылыс жасап, сегіз адам қаза тапты.
Алғашқы жарылыс Вардак уәлаятында адамдарды тасып жүрген автобуста болып, 5 адам қаза тапты. Бұдан кейінгі жарылысты Балх уәлаятында базар маңында полиция жасағына велосипедпен жақын келген жанкешті жасады. Одан үш бейбіт тұрғын қаза тауып, бес полицей жараланды.
France Press агенттігінің хабарлауынша, билік жарылыстарға "Ауғанстанның жаулары" кінәлі деп мәлімдеме таратты. Бұл термин көбінесе "Талибан" жасақтары мен басқа да исламшыл топтарға қатысты айтылады.