Accessibility links

2013 жылдан бастап ағылшын тілі 1 сыныптан үйретіле бастайды


Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.
Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.
2013 жылдан бастап Қазақстанның барлық мектептерінде бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі оқытыла бастайды деді білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов дүйсенбіде мәжілісте сөйлеген сөзінде.

"Қазір 33 мектепте оқушылар бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін меңгеріп жатыр. Біртіндеп мектептерде кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқыту жұмыстары басталады. Білім берудің жаңа үлгісі үш тілге негізделеді" деді министр.

Мұнан соң ол білім берудің барлық стандартттары реформаланатынын да айтты.
XS
SM
MD
LG