БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті "Қазақстан халықаралық міндеттемелерін бұзып, саяси баспана сұраған өзбек босқындарын елдеріне қайтарды" деп мәлімдеді. Комитеттің ұйғаруынша, ол азаматтарды Өзбекстанда азаптап, түрмеге қамауы мүмкін.
Қазақстан өткен жылы 29 өзбек азаматын террористік топтың мүшелері деп санап, Өзбекстанның оларды экстрадициялау туралы талабын орындап, еліне қайтарған еді.
Өзбекстанға қайтарылғандардың көпшілігі ол жақта "террористік әрекет жасады" деген айыппен сотталды. БҰҰ бұған дейін "Өзбекстанда құқық қорғау және тергеу органдары адамдарды азаптап, қатаң ұстайды" деп бірнеше рет хабарлаған еді.
Осыған орай комитет Қазақстан үкіметінен экстрадицияланған өзбек азаматтарына келтірілген шығынды өтеп, олардың Қазақстанға қайтып келуіне әсер етуін талап етті.