Маусымның 21-іне қараған түні Ақтөбеде бір полицей қызмет барысында оқ тиіп қаза болды.
«Оққа ұшқан азамат Темірбек Жақсылықбаев - жол полициясының старшинасы. Оны әзірше аты-жөні анықталмаған үш адам атып кеткен. Ішкі істер саласына 2004 жылы алынған азаматтың жасы 30-да. Үйленген, 1 баласы бар» деп хабарлады бүгін Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметі.
Маусымның 21-і күні таңғы 5-тер шамасында полицияға 32 жастағы таксист қоңырау шалып, өзін қала іргесіндегі Кірпішті ауылына барар жолдағы көпір маңында белгісіз біреулер пышақтап кеткенін хабарлаған.
Оқиға орнына алдымен жол полициясының автопатрулі жетеді. Экипаждағы полицейлердің бірі жеті жерден пышақталған такси жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетуге кіріседі. Ал екінші полицей Темірбек Жақсылықбаев күдіктілердің соңынан орманды алқапқа қарай жүгіреді.
- Күдіктілерден көз жазып қалмау үшін оқтан қорғайтын кеудешесін шешіп, бұталардың арасына қалдырып кеткен. Сол кезде күдіктілердің бірі атқан оқ Темірбек Жақсылықбаевтың басына, кеудесі мен беліне тиген, - дейді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиев.
Оққа ұшқан полицейдің әкесі Мұратбай Хасеновтің айтуынша, 2004 жылдан бері ішкі істер саласында еңбек етіп келе жатқан ұлының жол полициясына ауысқанына бір айдай ғана уақыт болған. Темірбек Жақсылықбаев - отбасындағы үш ұлдың үлкені. Марқұмның артында төрт жасар Сұлтан есімді баласы қалды.