Accessibility links

Кофи Аннан Сирияның ұлттық бірлік үкіметін құруды ұсынды


БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Кофи Аннан.
БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Кофи Аннан.
БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Кофи Аннан елдегі қақтығысты тоқтату үшін Сирияның ұлттық бірлік үкіметін құруы ұсынды.

Аннанның пікірінше, ол үкіметтің құрамына Башар Асад режимінің жақтастары да, оппозиция өкілдері де кіре алады. Бірақ олар алдымен дереу қантөгісті тоқтатуға келісім жасауы тиіс.

Сенбіде Женевада Кофи Аннанның бастамасымен Сирияға қатысты халықаралық жиын болады. Оған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі, Араб лигасына мүше мемлекеттер және Түркия шақырылған. Бірақ Таяу Шығыс аймағындағы екі ірі ел - Иран мен Сауд Арабиясының өкілдері жиынға қатыспауы мүмкін.

Сәрсенбіде Сирияда әскери операциялар тағы жалғасты. Дамаскінің маңындағы үкіметшіл Al-Ikhbariya телеарнасына шабуыл жасалып, 7 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG