Бүгін "АрселорМитталТеміртау" компаниясының металлургиялық комбинатының жұмысшылары ескертпе ереуіліне шықты деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Ереуілге үш мыңнан астам жұмысшы қатысқан.
"Жұмысшылар ереуілде үш сағат бойы жалақыларын көтеруді талап етті. Бірақ басшылықпен келісімге келе алмады. Ереуілге келген компанияның бас директоры Виджай Махадеван жалақының 2013 жылдан бастап көтерілетінін айтты. Бірақ оған металлургтер наразы болып, басшылыққа келесі дүйсенбіге дейін ойлануға мұрсат берді" дейді Азаттық тілшісі.
Жұмысшылар егер мәселе оң шешілмесе, ереуілге шығуды жалғастыра беретінін айтқан.