Accessibility links

Ауғанстанда НАТО-ның үш қызметкері қаза тапты


Ауғанстан полицейлері. Гильменд уәлаяты, 25 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Ауғанстан полицейлері. Гильменд уәлаяты, 25 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Ауғанстанның оңтүстігінде ауған полицияның киімін киген белгісіз қарулы адам НАТО күштерінің үш әскери қызметкерін атып өлтірді. Кейін қарулы адам жараланып, ұсталды деп хабарлайды халықаралық қауіпсіздікті сақтау күштері жексенбіде.

Қаза тапқан әскерилер қай елдің азаматтары екені әзірге айтылмай отыр. Биыл осындай оқиғалардан Ауғанстанда НАТО күштерінің 20-дан астам жауынгері қаза тапты.

НАТО басқаратын халықаралық қауіпсіздікті сақтау күштерінің қызметкерлері қазір ауған полициясы мен қауіпсіздік мамандарын дайындықтан өткізіп жатыр. 2014 жылы НАТО күштері елден шығарылғаннан соң қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жергілікті полицейлерге тапсырылады.
XS
SM
MD
LG