Accessibility links

Қан орталығының бұрынғы басшысы жауапқа тартылды


Сот отырысы. Көрнекі сурет.
Сот отырысы. Көрнекі сурет.
Сот Қарағанды облысындағы қан құю орталығының бұрынғы директоры Владимир Локтионовқа "коррупциялық қылмысқа қатысы бар" деген айып тағып, 2,5 миллион теңге айыппұл салды. Бұл туралы Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотына сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.

Сот мәліметіне қарағанда, Владимир Локтионов "Био-фарм" фирмасына қан плазмасында болатын альбумин ақуызының 50 литрін 500 мың теңгеге заңсыз сатқан.

"Қаржы полициясы Локтионовты ақпан айында альбуминнің ақшасын алып тұрған жерінде ұстаған" дейді сот.
XS
SM
MD
LG