Accessibility links

Болат Атабаев Жаңаөзен оқиғасы бойынша істе куәгерге айналды


Болат Атабаев (сол жақта) пен Ермек Тұрсынов баспасөз мәслихатында. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.
Болат Атабаев (сол жақта) пен Ермек Тұрсынов баспасөз мәслихатында. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.
Болат Атабаевқа Жаңаөзен оқиғасы бойынша тағылған "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып жойылып, ол куәгер атанды. Бұл туралы Атабаевтың өзі Алматыда өткізген баспасөз жиынында мәлімдеді.

Режиссердің айтуынша, ол Ақтауда тергеу абақтысында арыз жазып, қылмыстық кодекстің 65-бабы бойынша ("өз ісіне өкіну") өзін қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған. Атабаев тұтқындалуы мен қамалуы "өзі құрған сценарий бойынша жүзеге асқанын" айтады.

4 шілдеге қараған түні Болат Атабаев Ақтаудағы ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) тергеу абақтысынан босап, әріптесі әрі жолдасы режиссер Ермек Тұрсыновпен бірге Алматыға ұшып келген еді.

Жиынға қатысқан режиссер Ермек Тұрсынов Атабаевтың "ешқандай да туысы, қорғаушысы емес екенін, тек әріптестік, адамшылық тұрғысында ғана көмектескенін" айтады. Ол "Болат Атабаевты босатуға көмектескен ҰҚК қызметкерлеріне" рахмет айтты.

Болат Атабаев "әлеуметтік араздықты" қоздырды деген айыппен абақтыда отырған оппозициялық саясаткер Серік Сапарғалидың денсаулығы нашар екенін айтты.

- Оның денсаулығы нашар. Бірақ көңіл-күйі жақсы. Туған-туыс, достарынан соңынан барып жатқан бір адамды көрмедім. Сол кішкене моральдық қиындық туғызады. Әлия Тұрысбекова тамағын алып барады. Кітап оқиды, өлең жазады, - деді Атабаев.
XS
SM
MD
LG