Accessibility links

Жанболат Мамайды әкесімен кездестірді


"Рух пен тіл" ұйымының жетекшісі Жанболат Мамай.
"Рух пен тіл" ұйымының жетекшісі Жанболат Мамай.
"Әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айыппен қамалған Жанболат Мамай мен әкесі Мамай Құрмашұлының кездесуіне рұқсат берілді. Жеті күннен бері ұлымен кездесе алмай жүрген Мамай Құрмашұлы бұл туралы Азаттық тілшісіне 5 шілдеде хабарлады.

- Қазір ғана кездесуден шықтым, енді түстен кейін тағы барамын. Рұқсатты кеше, шілденің 4-інде алдым. Сол күні бірден Жанболатқа кірдім. Жағдайы жақсы, көңіл күйі көтеріңкі, - деді Мамай Құрмашұлы Азаттық тілшісіне.

Оның айтуынша, Жанболатпен кездесуге ешқандай шектеу қойылмаған. "Қашан және қанша уақытта кездесемін десем де, рұқсат бар" дейді Мамай Құрмашұлы.

Маусымның 15-і күні Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) театр режиссері Болат Атабаевты және «Рух пен тіл» ұйымының жетекшісі Жанболат Мамайды үйлерінен ұстап әкетіп, кейін этаппен Ақтауға жеткізген.

Болат Атабаев 4 шілдеге қараған түні айыпталушыдан куәгер санатына ауысып, Ақтаудағы ҰҚК-нің тергеу абақтысынан босатылды.
XS
SM
MD
LG