Accessibility links

«Араб көктемі» туралы Таяу Шығыс халқының өзі не ойлайды?


Интернет-кафеде ақпарат оқып отырған араб жастары. Көрнекі сурет
Интернет-кафеде ақпарат оқып отырған араб жастары. Көрнекі сурет

Foreign Policy араб елдеріндегі экономика мен демократияның ахуалы жайлы мақала басты. Автордың зерттеуінше араб елдері тұрғындарының демократия жайлы пікірлері басқа әлемнен өзгеше. Кейбірі заңдарын Құранға негіздеп, қайтадан құрғысы келеді.

Foreign Policy («Форин Полиси») басылымы шілденің 12-сінде басқан мақала толқу тоқтаса да, Араб әлеміндегі билік үшін толастамай тұрған күрестерді сипаттаудан басталған. Мысырдың халық сайлаған тұңғыш президенті Мохаммед Мурси ықпалды генералдармен әлі де күресіп жатыр деп жазады басылым. Батыс елдері сайлау нәтижесі әлі анықталмаса да, Ливияның қазіргі саяси жетекшісі Махмуд Джибрильді соғыстан соңғы Ливияны тәртіпке келтіріп, жүгенсіз кеткен әскерилерді жөнге салуға жауапты тұлға деп санайтын сияқты.

Foreign Policy-дің жазуынша екі елдің президенті де ұзақ уақытқа созылған төңкеріс пен қақтығыста күйреген экономиканы қалпына келтіру проблемасымен бетпе-бет кеп отыр. Автордың ойынша, араб көктемі бұл елдерде екіұшты қиыншылық туғызған. Тұрақсыздық экономиканы өсірмей тұсап тұр, ал мемлекет демократияның тезірек орнауына мұқтаж.

«АРАБ ДЕМОКРАТИЯСЫ ҚҰРАННАН БАСТАЛАДЫ»

Автордың пайымдауынша, дамыған елдерде экономика мен демократия бірін-бірі толықтырып тұратын егіз жүйе. Бірақ Латын Америкасы, Африка мен бұрынғы совет елдерінде экономика мен демократия мұндай үйлесімде жұмыс жасамайды. Араб әлеміндегі бұл екеуінің қандай үйлесімде болары және белгісіз.

Басылым осы проблемаға орай арнайы зерттеу орталығының мұқият зерттелген мәліметтерін берген. Pew Research Center-нің зерттеуінше Египет, Ливан, Йордания және Тунис тұрғындарының көпшілігі «демократия – ел басқарудың ең озық үлгісі» деп санайды. Алайда осы елдерде жауап бергендердің оннан жетеуі «қазір экономикалық өсу нашар» деген.
Тунистік салафи ағымын қолдаушы конституцияға исламдық заңдарды енгізуді талап етіп Құранды жоғары көтеріп ұстап тұр. Тунис, 23 наурыз 2012 жыл
Тунистік салафи ағымын қолдаушы конституцияға исламдық заңдарды енгізуді талап етіп Құранды жоғары көтеріп ұстап тұр. Тунис, 23 наурыз 2012 жыл

Араб елдері әрқилы болғандықтан ондағы халықтың да экономика мен демократия жайлы пікірлері біртекті емес. Йорданиялықтардың көбі «демократияның орнығуынан көрі экономиканың қуатты болғаны әлдеқайда маңызды» деп санаса, ливандықтар керісінше демократияны маңыздырақ көреді. Египет жұрты «екеуі тепе-тең жағдайда сақталуы керек» деп санайды.

Сұралғандардың көбі 2011 жылғы араб әлеміндегі толқулар Таяу Шығыстағы демократияның нығаюына әсер етеді деп сенеді. Египеттегілердің төрттен үші, ал Тунисте он адамның жетеуі, Йордания мен Ливанда үштің екісі сондай сенімде.

«ДЕМОКРАТИЯ ЭКОНОМИКАНЫ ТІРІЛТЕ АЛА МА?»

Мақала авторы «Тунис пен Египеттегі сайлау мұндағы халықтың демократия жайлы өзіндік ой-пікірлері барын көрсетіп берді» дейді.

Араб елінің ірі төрт мемлекетінде елдің көбі Исламның қоғамдық өмірде артықша рөлге ие болғанын қалайды. Қала берді елдің көп бөлігі Ислам қағидалары мемлекет заңына көбірек ықпал етсін деген пікір ұстанады. Йордания мен Египет тұрғындары болашақ заңдар Құран қағидаларына сәйкес болуы керек деп санайды. Францияның отары болған Тунис Түркия мен Индонезия сияқты бұл мәселенің зайырлы жолмен шешілгенін дұрыс көреді. Тунистіктердің көбі мемлекеттің заңдары Ислам заңдары мен құндылықтарымен байытылғанын қалайды, бірақ зайырлы заңдарды түбегейлі Құранға негіздеп қажеті жоқ деп есептейді.
Дауыс беріп тұрған ливиялық сайлаушы. Триполи, 7 шілде 2012 жыл
Дауыс беріп тұрған ливиялық сайлаушы. Триполи, 7 шілде 2012 жыл

Автордың келтірген дерегі бойынша Тунис пен Египеттегі исламшыл партиялардың бәрі көпшіліктің қолдауына ие болып, парламентте көп орын иеленген. Йорданияның мемлекет басшысы Екінші Абдулла король Батыста білім алғандықтан мұндағы көрсеткіш сәл басқаша. Бұл елде халықтың 31 пайызы ғана Ислам олардың саяси өмірінде маңызды рөл атқарып отыр деп көрсеткен.

Басылым араб елдеріндегі соңғы жылдағы экономикалық көрсеткіштерге қатысты жан-жақты зерттелген біршама мәліметтер келтірген. Тұтас алғанда әзірше ешқандай елде экономикалық өсу қатты байқалмайды.
XS
SM
MD
LG