Accessibility links

Болгария: Жарылысты тергеуге FBI қатысады


Жарылыстан зардап шеккен автобусты әкетіп барады. Бургас қаласы, 19 шілде 2012 жыл.
Жарылыстан зардап шеккен автобусты әкетіп барады. Бургас қаласы, 19 шілде 2012 жыл.
Бейсенбіде Болгарияның Бургас қаласындағы әуежайда болған жарылысқа АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы (FBI немесе ФБР) да тартылатынын мәлімдеді.

Кеше әуежайда автобусқа жасырылған бомба жарылып, алты адам қаза тапқан, 30-ға тарта адам жараланған. Автобустағы жолаушылардың көпшілігі - Тель-Авивтен келген израильдік туристер.

Болгария билігі кеше жарылысқа қатысы бар деген адам түсіп қалған видеоны жариялады. Онда ақ нәсілді, көзіне күннен қорғайтын көзілдірік киген адамның әуежайды торуылдап жүргені байқалады.

Болгарияның ішкі істер министрі Цветан Цветанов жанкештінің жасы шамамен 26-да екенін, онда АҚШ-тың Мичиган штатының жалған жүргізуші куәлігі болғанын айтады.

Бірақ аты-жөнін атамаған АҚШ шенеунігі жанкештіде жалған америкалық куәлігі болғанына қарамастан, оның АҚШ-пен байланысы бар деп болжам жасауға болмайтынын айтты.

Цветанов шабуылдаушының кім екенін анықтау үшін FBI тергеушілері де шақырылатынын айтты.
XS
SM
MD
LG