Сирия қарулы күштері қолбасшыларының бірі, президент Башар Асадтың жақын досы болған, республикалық гвардияның бұрынғы басшысы бригада генералы Манаф Тлас Дубайдан хабар тарататын «әл-Арабия» телеарнасынан сөйледі.
Ол Сирияның қазіргі режимімен ат құйрығын кескенін растап, сириялықтар демократиялық принциптерге негізделген ел болуға бірігуі тиіс деп мәлімдеді.
Бұл Манаф Тластың шілде айының басында Сирияны тастап шыққаны туралы ақпарат тарағалы бері алғаш рет көпшілікке жасаған мәлімдемесі.